Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуір күні еліміздің көптеген қалаларында жағымды метеорологиялық ахуал болжанады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сейсенбі күні ауа сапасының нашарлауы Шымкент, Семей және Өскеменде күтіледі. 

Қалған шаһарларда метеожағдай қалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы