Еліміздің кей өңірінде жел күшейе түседі

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің кей жерінде көктайғақ, найзағай, шквал күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 наурызда Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ, найзағай, шквал күтіледі, кей жерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады.

Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.    

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы