Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарынды дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

5 және 6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 6 қыркүйекте кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Күндіз 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 6 қыркүйекте жел, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавлда 5 қыркүйекте күндіз, тәулік бойы 6 қыркүйекте найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Қостанай облысында 5 қыркүйекте кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және тәңертең тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанайда күндіз 5 қыркүйекте шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қан бер де – жан бітір
Өзгелердің жаңалығы