Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14  қарашада Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Шымкент және Балқаш қалаларында нашарлайды. Ақтөбе, Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды, Теміртауда ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы