Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал жағымды болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін тек Қызылорда мен Шымкент қалаларында атмосфералық ауаның ластануы болжанады. Өзге шаһарларда ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы