Еліміздің диқандары өнімдерін шетелге экспорттауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бақша дақылдарын жинау науқаны қыза түсті. Қазірдің өзінде 100 мың тоннаға жуық бақша өнімдерін еліміздің барлық аймағына таратып, Ресейге және Еуропаның бірнеше елдеріне экспорттап үлгерді.

Жалпы, Мақтаарал ауданында  60926,3 гектар егістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетін көкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615 гектарға күріш, 152 гектарға маш, 47,4 гектарға бидай, 11502 гектарға бақша, 90,2 гектарға жеміс-жидек егілген.

Ерте егілген көкөністің ішінде 501,1 гектарға қырыққабат, 77 гектарға қызылша, 213 гектарға болгар бұрышы, 71,5 гектарға пияз, 363,8 гектарға қызанақ, 173 гектарға қияр, 210,2 гектарға баклажан, 218 гектарға сәбіз егіліп, қазіргі таңға дейін жалпы 26388,6 тонна өнім жиналды.

Сол секілді мақтааралдық диқандар картоптан 250,5 тонна, жоңышқадан 22652 тонна және аудандағы жалпы жылыжайдан 652,2 тонна өнім алған. 

Айта кетейік, Мақтаарал ауданының диқандары республикада ең бірінші болып және Өзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақша өнімдерін нарыққа шығарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы