Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында дабылды ескерту жасады.
Күндізгі және түнгі ауа температурасының жылуы мен жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамына байланысты Батыс-Қазақстан облысында қарқынды қар ериді. Соған байланысты қарғын су мен өзендерде мұз еруіне орай су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Сонымен қатар, Шығыс-Қазақстан облысында да қар еріп, қарғын судың көбеюі, өзен суының тасуы болжанады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі Қазан қаласында ашылады
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы