Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Сондай-ақ, кей өңірде аптап ыстық сақталады.
18 шілдеде Алматы облысында кей жерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с күтіледі. Қатты ыстық 35-37 градус сақталады.
Талдықорған қаласында күндіз 36 градус қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
18-19 шілдеде Қарағанды облысында кей жерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады екпіні 23-28 м/с жетеді деп күтіледі. Күндіз оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында да найзағай күтіледі.
Жезқазған қаласында күндіз найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
18-21 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде 42-44 градус өте қатты ыстық күтіледі.
19-21 шілдеде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық сақталады.
18 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында да найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады.
Күндіз 18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады.
Петропавл қаласында шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
18-19 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/сжетеді.
18 шілдеде Батыс-Қазақстан облысында кей жерінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.
Атырау облысында да найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %