Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
3 мамырда түнде Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 2°С үсік күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде де түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді деп болжануда.Шымкент пен Түркістан қалалаларында 3 мамырда түнде және таңертең найзағай мен дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
3 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болжануда.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 3 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Көкшетауда 3 мамырда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Түнде 3 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.
4 мамырда Ақтөбе облысының ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді. 4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.
4 мамырда Павлодар облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін төмендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.
5 мамырда Шығыс-Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.
Нұр-Сұлтанда түнде 4 мамырда жауаын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градус аязға дейін төмендейді.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-95%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
4 минут ішінде алаяқтың құрбанына айналуыңыз мүмкін – маман
Өзгелердің жаңалығы