Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 19 мамыр күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Қостанай қаласы мен Қостанай облысының түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалалары мен Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістен, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының таулы аудандарында түннің бірінші жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласы мен Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады соғады, күндіз кей жерлерде  күші 15-20 м/с .          

Талдықорған қаласы мен Алматы облысында таңертең және күндіз таулы аймақта қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 17-22 м/с.  

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау қаласында және күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ  күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 80-100%.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы