7 Ақпан 2019 2019, 09:27

Еліміздің бірқатар өңірінде сабақ тоқтатылды

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қатты аязға байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды.

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қатты аязға байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды.

Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 ақпанда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Өңірде температура минус 35, жел 3 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы таратқан ақпарат бойынша, 7 ақпанда өңірдегі бірқатар қала мен ауданда сабақ өткізілмейді.   Өскемен қаласы (температура -33) 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды Семей қаласы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды. Бородулиха ауданы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстары оқымайды. Шемонаиха ауданы (-35) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курстарына сабақтар болмайды Аягөз ауданы (-31) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ өткізілмейді. Алтай ауданы (-29) 1 ауысымдағы 1-4 сынып аралығында сабақ болмайды Күршім ауданы (-22 жел 6м/с) 1 ауысым, 1-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Ақмола облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Өңірде 37-42 градус қатты аяз.

Қостанай қаласы білім бөлімінің мәліметінше, бүгін 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің әкімшілігі шешіміне сәйкес колледждердің 1-2 курс студенттері де оқымауы мүмкін. Қазір қалада минус 31 градус аяз, оңтүстіктен жылдамдығы секундына 3-5 метр жел соғып тұр.

Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар үшінші күн қатарынан демалып жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 ақпанда 0-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Өңірде термометр бағаны минус 36 градусты көрсетіп тұр.

Еске сала кетсек, Астана қалалық білім басқармасы ауа райының колайсыздығына байланысты қаладағы мектептерде бірінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтындығын ескертті.