Еліміздің бірқатар өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжауынша 30 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, Алакөл көлдері аймағында 20-25, екпіні 30 м/с және одан жоғары күтіледі.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 30 күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады.
Тараз қаласында 30 қаңтар күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
30 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қалапсында 30 қаңтарда бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.