Еліміздің бірқатар қаласында ауа райына байланысты сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ болмайды.
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасынан хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде 0-4 сыныптарда сабақ болмайды. Айта кетейік, елордада бүгін таңертең, 17 желтоқсанда желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жеткен.
Сонымен қатар Қарағанды қаласында да бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Ал Теміртау қаласында бірінші және екінші ауысымда оқитын 0-11 сыныптарда сабақ болмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады
Өзгелердің жаңалығы