Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 наурызда еліміздің біртқатар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Түнде 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде толассыз қар жауады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

4 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

4 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде таңертең және күндіз кей жерлерде екпіні 15-18 м/с.

4 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 4-5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз 5 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы