Еліміздің бес қаласында метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қараша күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.


"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Нұр-Сұлтан, Карағанды, Теміртау, Балқаш және Өскемен қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы