Еліміздің батысында қатты ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кезеңнің басында республикада циклон жырасының солтүстіктен және оңтүстіктен шығуына байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Кей жерлерде найзағай болып, жаңбыр жауады. Содан кейін антициклон сілемінің жылжуымен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды. Тек республиканың шығысында кезең бойы жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді – Тоқаев
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы