Еліміздің батысында ғана жылы ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 8-10 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын тудырған Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. 

Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. 

Алайда, циклонның артына кезекті антициклон жылжып келеді, соның ықпалынан жауын-шашын тоқтап, еліміздің көптеген облысында ауа температурасы төмендейді. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы