Еліміздің басым бөлігінде метеожағдай жақсы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бір қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Балқаш қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскемен мен Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы