Еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, шығыста көктайғақ, түнде солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады, жел күшейеді, Қызылорда, Түркістан облыстарында желдің екпіні жекелеген аудандарда 30 м/с болады деп күтілуде.

Түркістан облысында кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Бәйдібек ауданында екпіні 30 м/с және одан аса күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде. 

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман болжануда. Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы