Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  "Қазгидромет" РМК 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады. 

Республика бойынша тұман күтіледі. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы