Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жаңбыр және найзағай күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
9-11 мамырда жылы оңтүстік циклоны ылғал және жылу қорымен республиканың оңтүстік облыстарына өз ықпалын тигізіп – жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал.
Солтүстік-шығыс бағытында ығысып, циклон бірінші орталықта, содан кейін еліміздің солтүстігінде жаңбыр және ауа температурасының аздаған төмендеуіне алып келеді. Тек солтүстік-шығыс пен шығыста атициклон сілемінің ықпалынан ауа райы шуақты, жауын-шашынсыз сақталады.
Күндіз 9 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күтіледі. 9 мамырда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, күндіз желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарт жауынгерлерге миллион теңгенің сертификатын тапсырды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы