Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қаңтардың 16-сы күні Кара теңіздің аймағынан жылжыған циклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың бірқатар аумағында тұман түссе, кей жерінде көктайғақ болып, қатты жел тұрады, тағы бір өңірлерде бұрқасын болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, түнде кей жерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Түркістан облыстарының бірқатар аумағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей жерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі деген болжам бар. Күндіз өңірдің кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе облысының бірқатар өңірінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерде бұрқасын болуы ықтимал.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Алматы Қызылорда облыстарының бірқатар аумағында көктайғақ болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы