Еліміздің қай өңірінде доллардың көп сатылғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ.  2019 жылдың 10 айында доллар сатылымы 1,6 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылға қарағанда 44% жоғары. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Қазан айында ақша айырбастау орындарындағы АҚШ долларының таза сатылымы 182,2 млрд теңгеге жеткен, бұл өткен айға қарағанда 20,8% артық, ал өткен жылмен салыстырғанда 50,9% жоғары. Сондай-ақ осы қазан айында еліміздің барлық өңірі бойынша доллардың сатылымы жоғары көрсеткішке жеткен.

Әсіресе Алматы мен Шымкент қалаларында долларды сатып алу көрсеткіші жоғары. Қазан айында Алматыда доллар сатылымы – 69 млрд теңгені құраған. Екінші орында 32,2 млрд теңгемен Шымкент қаласы тұр. Атырау облысы 13,4 млрд теңгемен үштікке енген.

Сонымен қатар, қазан айындағы доллардың таза сатылымы Нұр-Сұлтан қаласында да 2,6 есеге көбейіп 11,6 млрд теңгеге жеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы