Еліміздің қай қалаларында ауа сапасы төмендейтіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қаңтар күні Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа сапасының ластануы Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Балқаш қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы