Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында 1 124 млрд теңгеге жетті. Бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,8% көп. Бұл туралы ҚР ҰЭМ  Статистика комитетінен хабарлады. 

Атап айтқанда, есепті кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1 063,5 млрд теңгені құрады (өткен жылдың қаңтар-маусым аралығымен салыстырғанда 3,7% көп). Өсімдік шаруашылығы - 47,6 млрд теңге (+6,7%) болды.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтердің көлемі 1,2 млрд теңге болды. Аңшылық шаруашылығындағы өнім көлемі 0,5 млрд теңге, орман шаруашылығында 0,5 млрд теңге, балық шаруашылығы мен су шаруашылығы 4,6 млрд теңге болды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы