Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша күні еліміздің 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы