Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыз күні еліміздің 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, жұма күні Қарағанды, Алматы, Өскемен, Балқаш, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады. 

Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты нормада болады. 

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы