Еліміздің 5 қаласында метеорологиялық жағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

"2019 жылдың 8 қазанында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында жайсыз ауа райы ауа райы қалыптасады, яғни ауа ластанады", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы