Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қалаларындағы 2 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжам жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, 2 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Шымкент, Балқаш, Алматы және Теміртау қалаларында тіркеледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы