Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.  

Сонымен, 4 қазанда еліміздің Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Өскемен және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы