Еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілде күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Шымкент пен Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ысиды
Келесі жаңалық
Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылды
Өзгелердің жаңалығы