Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 11 өңірінде 4-5 мамырда дауылды ескерту жарияланды. Кейбір облыстарда қар жауып, аяз болады деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 4-5 мамырда Қостанай, Ақтөбе облыстарында түнде ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыстан соққан  жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Павлодар облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 7-12 жылға дейін төмендейді. 5 мамырда түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде қар, боран, тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді.

4 мамыр күні түнде Нұр-Сұлтанда да жаңбыр, қар болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-18 метрді құрайды. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.

4 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде шығыстан және оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл, желдің соғуы секундына 15-20 метрді құрайды, ал Маңғыстау облысында - найзағай, желдің соғуы секундына 15-20 метр болады деп болжануда.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға және дауылды ескерту туралы хабарламаларды ескеруге, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы