Еліміздегі жекеменшік мектептердің саны қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов хабарлады. 

Оның айтуынша, республика аумағындағы жекеменшік мектептердің жалпы саны 408 бірлікке жеткен. 

2019-2021 жылдары 94 696 орындық 287 жекеменшік мектеп ашылды. Өңірлер қимасында жекеменшік мектептерді ашу бойынша көшбасшылар Түркістан облысы (56), Шымкент қаласы (52), Алматы қаласы (41), Нұр-Сұлтан қаласы (29), Жамбыл облысы (30), Алматы облысы (17), Қызылорда облысы (16), Маңғыстау облысы (14) және Ақтөбе облысы (8) болды, - деп атап өтті басқарма төрағасы. 

Сонымен қатар ол жекеменшік мектептер аз аймақтарға тоқталды. 

Жекеменшік мектептердің ең аз саны Ақмола, Атырау (5-тен), Павлодар (4), Қостанай (3), СҚО, Қарағанды, Батыс Қазақстан (2-ден) және Шығыс Қазақстан облыстарына (1) тиесілі, - деді Асқар Ибраимов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін басқарма төрағасы кәсіпкерлер мектептер мен студенттер жатақханаларының құрылысына қаржы сала алатыны туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы