Еліміздегі үздік 10 жоғары оқу орынының 8-і жеке меншік

Отандық рейтингте еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орындары көш бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі, белгілі педагог-ғалым Айдос Мұқатай SOLAY YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Жоғары білім сарапшысының айтуынша, жеке меншік жоғары оқу орындары білім сапасына мән бере бастаған.

Қазіргі рейтингті қарасақ алғашқы 10 орынның 8-і жеке меншік оқу орны. Олардың әрқайсының қалыптасқан дәстүрі, имиджі бар. Расында да сапалы білім беретін университеттер. Қынжылтатыны алғашқы ондықта мемлекетке қатысы бар екі-ақ оқу орны ккірді. Оның біреуі Ұлттық университет. Ол рейтингке сырттан ешкім ықпал жасай алмайды. Ашық түрде жасалған. Бұл тізімдегі оқу орындары өздерін дәлелдеп келе жатқан университеттер, - дейді Айдос Мұқатай.

Жоғары білім сарапшысы Айдос Мұқатай сондай-ақ, талапкерлер университет таңдағанда неге мән беру керектігі, білім гранттары қалай бөлініп, оқу ақысы қалай есептелетініні, оқу мерзімі мен педагогтер жалақысы және саладағы жемқорлық деректері мен ректорларды тағайындау мәселесіне қатысты да пікірін білдірді. Сұхбатты SOLAY YouTube арнасынан көре аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы