Еліміздегі туристік компаниялар банкрот болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі туристік компаниялар банкрот болуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Биыл осы саладан пайда тауып отырған мекемелердің табысы 40 пайызға дейін азайды. 

Ірі  курорттық орындардағы демалыс нысандарының көбісі бос тұрды. Бұрын Алкөлдің  тек шығыс жағына 700 мыңға жуық турист демалса, биыл жазда 20 мың ғана адам келген. Сондықтан осы саланың сарапшылары елдегі туристік саладағы кәсіпкерлерге өз істерін әртараптандыруды ұсынып отыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы