Balapan. Еліміздегі тұңғыш балалар телеарнасына – 10 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақ телевизиясы тарихындағы тұңғыш балалар арнасы Balapan-ға - 10 жыл. Телеарна «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамынан 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылды.
10 жыл ішінде 246 телевизиялық жоба, 19 телехикая, 17 747 минутты құрайтын 67 анимациялық мультхикая жасалды. Қазақ киноиндустриясы тарихында Balapan телеарнасы тұңғыш рет балаларға арналған «Санжар мен Қайсар» телехикаясын, отандық мультхикаялар түсіруді қолға алды.
Balapan арнасын үнемі көретін балалар көркем сөйлей бастады, сонымен бірге қазақ тілінің тереңдігін түсінеді. Балалардың білімді, заманауи болып қалыптасуы үшін де арнаның атқарып отырған рөлі зор. «Balapan» арнасының ашылуымен телевизиядан алшақтап кеткен ертегі, бесік жыры сияқты жанрлар қайта оралды. Мұның жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде маңызы зор. Біздің алдымызда тұрған ең үлкен стратегиялық мақсаттардың бірі - дені сау, білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. «Balapan» телеарнасы осы бағытта өте нәтижелі жұмыс істеп жатыр деуге негіз бар, - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Qazaqstan» арнасына берген сұхбатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белоруссия елдегі жағдайға көрші мемлекеттерді айыптап отыр
Өзгелердің жаңалығы