Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай қандай?
Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88,7%-ға толды.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Солтүстік Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 38,5%-ға толды.
Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,5%-ға толы.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.
Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы