Еліміздегі су каналдарының 55 пайызы сын көтермейді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні суару жүйесінде ұзындығы 21,5 мың км шамамен 3,5 мың магистральдық және шаруашылықаралық каналдар бар (16,3 мың км – жер арналары және бетон қаптамасымен 5,2 мың км), олардың 55 пайызы (11,8 мың км) сын көтермейді. Мұны соңғы тұтынушыларға суды тасымалдау кезіндегі жоғары шығындардан анықтадық. Каналдарды қайта жаңарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Мәселен, 2019-2020 жылдары 1734 км канал жөнделіп, 111,5 мың га суармалы жер айналымға енгізілді. 2021 жылы 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізу үшін 1050 км каналды қайта жаңғырттық, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Брекешев Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Су кодексін әзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

Жаңа Су кодексі мен ілеспе заң жобасының Тұжырымдама жобалары әзірленді. Жаңа Су кодексінің және ілеспе заң жобасының мәтіні аяқталуда, содан кейін мемлекеттік органдармен келісу және қажетті сараптамаларды алу рәсімі басталады, - деді ведомства басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы