Еліміздегі шаруалардың ұңғыма бұрғылауға кеткен шығындары субсидияланады
Бұлтуралы Су ресурстары және ирригация министріНұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысынажұмыс сапарымен барған министр облыс әкіміЕрбол Қарашөкеевтің қатысуымен жиын өткізді.Кеңесте өңірдің су шаруашылығын дамыту жәнесуару маусымына дайындық мәселелеріталқыланды.
Министрлік шаруаларды су үнемдеуге және онытиімді пайдалануға ынталандыру мақсатындабірқатар қолдау іс-шараларын енгізді. Атапайтқанда, шаруалардың ұңғыма бұрғылаушығындарын субсидиялау көлемі 80%-ға дейінұлғайтылды. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығыминистрлігімен бірлесіп су үнемдеу жүйелерінорнату шығындарын субсидиядау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмысжүргізіп жатырмыз. Жергілікті атқарушыоргандар мемлекет тарапынан көрсетілетінқолдау шараларын шаруаларға түсіндіріп, тығызбайланыста болуы керек,- деді Су ресурстарыжәне ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысыныңтапсырмаларын іске асыру шеңберінде әрбір өңіргесу үнемдеу жүйелері орнатылған алқаптардыңкөлемін ұлғайту бойынша нақты индикаторларбелгіленгенін айтты. Оған сай, Жамбыл облысыбиыл су үнемдеу жүйесі бар егістіктердің ауданынқосымша 22 мың гектарға ұлғайтып, жалпыкөлемін 73 мың гектарға дейін жеткізуі керек.
Жиында жауапты басқарма басшыларының, Шу-Талас бассейндік инспекциясы мен «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысы филиалыдиректорларының вегетация кезеңіне дайындықбойынша баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, суүнемдеу технологияларын әзірлейтін отандықжәне шетелдік компаниялар өз өнімдерін таныстырды.
Су ресурстары және ирригация министрі НұржанНұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапарыаясында Қордай, Шу және Меркі аудандарынаралап, су шаруашылығын дамыту жобаларын іскеасыру барысымен жеке танысуды жоспарлап отыр.