Еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің өсімі 3,8% құрады

2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, аталған аралықта 11 523,8 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның ішінде кен өндіру саласында – 5 368,5 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46,6%), өңдеуде – 5 122,2 млрд теңгеге (44,4%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,5%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2,7% байқалды.

Шикі мұнай және табиғи газ шығару (100,3%), металл кендерін (107,3%) өндіру салаларының және тау-кен өнеркәсібі қызметтерінің (109,4%) артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-наурызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу индексі 101,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде индекс 105,6% құрады, өсім химия өнеркәсібі – 11,4%, металлургия – 4,3%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 23,6%, машина жасау – 24,9%, өзге де дайын бұйымдарды өндіруде 2 есе көбею есебінен болды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 17 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақмола, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық статистика бюросы
Өзгелердің жаңалығы