Еліміздегі оң өзгерістер – біріккен жұмыстың нәтижесі – Алуа Жолдыбалина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудағы оң өзгерістер – қоғам мен мемлекеттің біріккен жұмысының нәтижесі.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақстан 2020 жылдың маусымынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың саны күрт өскендіктен елімізде 5 шілдеден бастап карантин қайта енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың маңызды шараларының бірі – Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және дәрі-дәрмектерді жеңілдетілген импорттау және сертификаттау үшін материалдардағы тосқауылдарды жою. Президент осы орайда дәрілік заттарды сертификаттау мерзімі мен тәртібі қысқаратындығын және эпидемияға қарсы қажеттіліктерді Алуа Жолдыбалина көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу рәсімі ұзартылатынын, Қазақстан Республикасында тіркелмеген вирусқа қарсы препараттарды бір реттік әкелу тәртібі және отандық жаңа дәрі-дәрмек өнімдерін тіркеу рәсімі жеңілдетілетінін атап өткен еді, – деп жазды Алуа Жолдыбалина.
Оның айтуынша, Президент жариялаған басқа шаралар, сондай-ақ 2 тамызға дейін ұзартылған карантин тәртібі елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, вирустың таралуына қатысты елдегі жағдай күнделікті Мемлекет басшысының ерекше бақылауында болды. Соның нәтижесінде бірқатар оң өзгерістерге қол жеткіздік: Біріншіден, Қазақстанда COVID-19 инфекциясымен ауырғандар көлемі күн сайынғы өсімі 4%-дан 2,1%-ға азайды. Екіншіден, COVID-19 инфекциясы бар науқастарға арналған реанимация төсек-орындарын пайдалану 73%-дан 54%-ға төмендеді. Үшіншідер, Қазақстанда короновирус инфекциясымен ауырғандарға үйден жәрдем көрсету үшін 3 399 мобильді топ жұмыс істеуде. Төртіншіден, Қазақстан аймақтарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорлары құрылды. Арнайы тұрақтандыру қорлары барлық аймақтарда құрылды, соның ішінде: Алматы қаласында – 5 млрд теңгеге, Нұр-Сұлтанда – 1,2 млрд теңгеге, Шымкентте – 180 млн теңгеге, Ақтөбе облысында – 500 млн теңгеге, Шығыс Қазақстан облысында – 250 млн теңгеге. Бесіншіден, Қазақстанның ауруханаларында COVID-19 препаратын емдеуге арналған бір айлық дәрі-дәрмектер мен қоры жасақталды. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру үшін дәрі-дәрмектерді отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да сатып алу процедуралары жалғасып жатыр. Алтыншыдан, екі аптаның ішінде короновирус инфекциясын жұқтырған адамдарының емделіп шығу көрсеткіші 63%-ға артты, – дейді ол.
Осы оң өзгерістерге жету үшін біздің еліміздің медицина қызметкерлері бірнеше ай бойы, еш тыным таппай азаматтардың өмірін құтқара отырып, қызмет атқарып келеді.
Оң өзгерістерге қарамастан, әлі де болса, қалыпты өмірге қайта оралу әрқайсымыздың карантин режиміндегі тәртібімізге, әрекетімізге байланысты, сол себепті, вирустың таралуын әрі қарай болдырмау үшін әрбір азамат пен мемлекет бірігіп, жұмылып әрекет етуін жалғастыруы тиіс, – деп сөзін түйді Алуа Жолдыбалина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы