Еліміздегі мектептерде 1 қыркүйек қалай өтеді?

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа оқу жылында 3,6 млн баланы қамтитын 7 637 мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйекте республиканың барлық мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын, сондай-ақ «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаттары өтеді.Салтанатты сапты өткізудің форматын және қатысушылардың құрамын білім беру ұйымдары дербес белгілейді, - деді Каринова. 

Ол атағандай, оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырға дейін 36 аптаға созылады. 

Жаздың алғашқы күндерінен бастап оқушылар жазғы демалысты бастайды, яғни жазда балалар демалады.Қазақстанда жазғы демалыстың ұзақтығы басқа елдермен салыстырғанда ең ұзақ, яғни 92 күн болып қалып отыр. Жалпы жазғы демалысты есепке алғанда, оқу жылында балалар 192 күн демалады және оқу күндерінің саны 173 күн.Оқу жылының ұзақтығының ұлғаюына байланысты жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп бес күндік оқыту форматына көшеді, бұл үш ауысымда оқитын мектептерді қоспағанда, 3,4 млн бала мен 300 мыңнан астам мұғалім. Сенбі демалыс күні болады, соның нәтижесінде оқушылар, мұғалімдер, мектеп директорлары мен оның орынбасарлары оқу жылында қосымша 36 күн демалады,- деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы