Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО жұмысын уақытша тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты бүгін, 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қарамағына берілді, - делінген мәліметте.
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.
Бүгін "Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев 2020 жылдың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді
Өзгелердің жаңалығы