Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы Facebook-тегі парақшасында жазды.
ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚКО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады", - делінген корпорацияның хабарламасына.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тур де Ски: Валерия Тюленова 18-орыннан көрінді
Өзгелердің жаңалығы