Еліміздегі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы әзірленеді - министр

Геосаяси жағдайды ескере отырып, елдің транзиттік әлеуетін нығайту мақсатында  шаралар жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деп мәлім етті.

Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленеді. Көлік инфрақұрылымын салу және жаңғырту бойынша жобалар іске асырылады. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін шекаралас мемлекеттермен дамыту қамтамасыз етіледі. Отандық өндіріс өнімдерін басымдықпен пайдалануды ескере отырып, жылжымалы құрам жаңартылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұжырымдама осы жылдың соңына дейін әзірленетін болады, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы