21 Желтоқсан 2022 2022, 16:05
Еліміздегі кітаптардың бағасы 16,5 пайызға қымбаттады
Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда еліміздегі кітаптардың бағасы 16,5 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда еліміздегі кітаптардың бағасы 16,5 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баға Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%.
Ұлттық статистика бюросы дерегіне сәйкес, жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді.
Қазір республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді, оның төртеуі – электрондық.