Еліміздегі кәсіпорындардың жабдықтары өткен ғасырда жасалған

Кәсіпорындарда қолданып жүрген жабдықтардың басым бөлігі 1970-1980 жылдары жасалған. Бұл туралы ТЖК Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мақажанов қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалану оның  мерзімі мен уақытына байланысты екенін айтты.

Бүгінгі таңда қолданылатын технологиялық жабдықтың негізгі үлесі өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап пайдаланылуда. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада қауіпті өндірістік объектілердің иелерін нормативтік қызмет мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуға міндеттейтін нормалар көзделген. Осы мақсатта біз қадағалаудағы кәсіпорындармен бірлесіп жыл сайын Қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын қалыптастырамыз, - деді Мақажанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Спикер былтыр қауіпті өндірістік объектілердің иелерімен 2 585 бірлік технологиялық жабдық ауыстырылғанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aqtobegazeti.kz
Өзгелердің жаңалығы