Еліміздегі халық саны 1,3% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қарашаға еліміздегі халық саны 18833,1 мың адамды құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2019 жылғы 1 қарашадан салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Оның ішінде қалалықтар – 11109,8 мың (59,0%), ауылдықтар – 7723,3 мың адамды (41,0%) құрады. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында қалыптасты.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейсенбі, 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы