Еліміздегі фермер әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 23 пайызға аз

Бұл туралы  Ауыл әйелдерінің V форумы аясында ұйымдастырылған пленарлық отырыста БҰҰДБ-ның гендерлік саясат туралы Қазақстандағы тұрақты өкілі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Отандық бизнесті қолдау және инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу мәселесінде гендерлік теңдікті ұмытпауымыз керек. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық басқарушыларының 14 пайызы ғана әйел, ал еліміздегі фермер әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 23 пайызға аз. Бұған стеоретиптің де әсері бар. Бұл статистиканы бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана өзгерте аламыз,- деді БҰҰДБ-ның гендерлік саясат туралы Қазақстандағы тұрақты өкілі Гауһар Нұрша.

Айта кетейік, бұл жоба 2013 жылдан бастап Қазақстанның ауылдары мен аудандарында өз кәсібін ашуға дайын 60 мыңнан астам әйелді дайындады.  Атаулы шара «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ және «Әлеуметтік динамика» ҚҚ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Coca-Cola халықаралық қорының қолдауымен өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы