Еліміздегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрді құрайтын екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы